Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты

Zhweki скутері мен Kia Optima көлігі соқтығысқан.

  • 10 Қараша 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Шымкентте жол апатынан 16 жастағы скутер жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

Оқиға 9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында болған.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Zhweki скутері мен Kia Optima көлігі соқтығысты.

«Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.