Жарияланды: 600

Шымкентте жол полициясы екі көліктің көрсетілімдік эвакуациясын іске асырды

Шымкент. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жол полициясы бірнеше мәрте қайталанған әрекеттерден кейін қоярда қоймай "Шымкентсыра" АҚ тиесілі екі джипті айып тұрағына жеткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сенбі күні "Солтүстік" ықшамауданында жол полициясының қызметкерлері "Шымкентсыра" АҚ тиесілі екі джипті тоқтатқан. Тоқтатуға көліктердің алдыңғы терезелеріне жабыстырылған "перде" себеп болған. Жүргізушілер пердені алудан бас тартып, көліктерін жауып алып, тайып тұрған. Кейін белгілі болғандай, мұндай жағдай бұған дейін де бірнеше мәрте қайталанған екен. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері көліктердің салмақтарының ауырлығына және "Шымкентсыра" АҚ заң қызметі джиптер сәл бүліне қалған жағдайда санкция жасайтындары жөнінде ескертуіне байланысты эвакуациялай алмаған. Алайда, бұл жолы эвакуациялау жөнінде шешім қабылданды. Сенбіден бастап дүйсенбіге дейін джиптер қамауға алынған орындарында полиция күзетінде болған. Таңертеңнен бастап оқиға орнына тасымалдаушы көліктер мен көтергіш кран келіп жетті. Эвакуациялау процесін полиция қызметкерлері де, "Шымкентсыра" АҚ қызметі де бейнекамераға түсіріп алды. Эвакуациялау жұмыстары күні бойы жалғасып, тек сейсенбі күні таңғы сағат 4 шамасында ғана джиптер айып тұрағына жеткізілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть