Шымкенттегі автобустарда тегін вай-фай жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі автобустарда тегін вай-фай жұмыс істейді

Шымкенттегі автобустарда тегін вай-фай жұмыс істейді

Облыс орталығының жолаушыларына бүгіннен бастап, тегін интернет жүйесі тартылған қоғамдық көліктер қызмет көрсетпек.

  • 6 Ақпан 2015
  • 176
Фото - Caravan.kz

Орталық алаңда тізіліп тұрған мына су жаңа 200 автобустың өзге қоғамдық көліктерден ерекшелігі көп. Біріншіден ауаны аз ластайтын газбен жүреді. Ал, ең бастысы енді бұл көліктерде әндерді тегін жүктеп, әлеуметтік желілерде іш пыстырмай уақыт өткізе аласыз. Жолаушылар тасымалдау компаниясы мұндай 200 автобус үшін екі жарым миллиард теңге жұмсапты. Жаңа автобустарды тізгіндейтін жүргізушілерге де арнайы униформа тігілген екен. Ескі көліктерінен құтылғанына қуанып жүргендердің де дені сол жүргізушілер.

Жаңабек Тәжімұратов,  автобус жүргізушісі:

-5 жылдан бері автобус айдап жүрміз. Мынандай автобус көрген жоқпыз. Енді елдің бәрі осы автобусқа жүгіріп, басқа автобусқа мінбей қоятын шығар деп ойлаймын.