«Биыл «ГАЗель» көліктері әзірге қалада қала береді», — деді А. Жетпісбаев. Ол қала әкімдігінің жол қозғалысын қайта құру жоспарлары жөнінде ештеңе айтқан жоқ. Әкім сондай-ақ, қалалық көліктегі жолақы құнының дәл қай күннен бастап көтерілетіні туралы тіс жарған жоқ. «Әзірге, шамамазша бағаны ұстап отырмыз», -деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осыдан бір ай бұрын қала әкімінің бұрынғы орынбасары Арман Құмашев мамырдағы мерекелерден кейін «қаладағы қалған шағын автобустардың 26 бағыты автобустармен алмастыру үшін тендерге қойылады» деп мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, автобустар мен бағытты таксилердегі жолақы құны жанар-жағармай бағасы тұрақтанған соң көтеріледі», деп мәлімдеген.
Ал осыдан бірнеше күн бұрын А. Құмашев қала әкімінің орынбасары қызметінен кетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті