Шымкенттегі дендропаркте орын алған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі дендропаркте орын алған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкенттегі дендропаркте орын алған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкенттік дендропаркте орын алған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • 15 Шiлде 2015
  • 399
Фото - Caravan.kz

Жалын 65 шаршы алаңды шарпыды. Жүздеген қараағаш отқа орнады. Өрт 13 шілдеде сағат 18:00-де басталған. Оқиға орнына 28 адам, 5 техника, бірнеше су таситын көліктер көмекке келді. Жарты сағатта өрт сөндірушілер тілсіз жауды оқшаулап, 50 минуттан кейін ол толықтай ауыздықтады.

Тергеу барысында полицейлер бұл күні дендропаркте құрылыс жұмыстары жүргізілгенін анықтады. Темірді өңдеп жатқан кезде от ұшқыны құрғақ жерге шашыраған болып шықты. Әзірге бір жұмысшының кінәсі анықталды. Оған өзгенің мүлкін зақымдады деген айып тағылуда.
Өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 202-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір залал көлемі анықталуда, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.


nullnullnull