Шымкенттегі мұқтаж отбасыларға көмір тегін таратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі мұқтаж отбасыларға көмір тегін таратылды

Шымкенттегі мұқтаж отбасыларға көмір тегін таратылды

Шымкент қаласында «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры «Отбасыға жылу сыйла 3» акциясын ұйымдастырды. Аталған шара барысында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға тегін көмір таратылды.

  • 25 Қараша 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Акцияға 400-ге тарта ерікті қатысып, екі күн бойы өз көмектерін көрсетті. Олар қаладағы 200 отбасына таратылатын көмірді тиеп берді. Көмекке мұқтаж отбасылар алдын ала сауалнама жүргізу барысында анықталған болатын. Ал шараға қажетті қаражат еріктілердің арнайы «Мейірім конверттеріне» қоса, жеке кәсіпкерлердің қолдауы және блогерлердің әлеуметтік желілерде ақпараттандыруы арқылы жиналды.