Шымкенттегі жанармай таратушы бекеттер қауымдастығы мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу қоюды талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттегі жанармай таратушы бекеттер қауымдастығы мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу қоюды талап етеді

Шымкенттегі жанармай таратушы бекеттер қауымдастығы мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу қоюды талап етеді

Шымкенттегі жанармай таратушы бекеттердің қожайындарының қауымдастығы Қазақстаннан мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу қоюды талап етеді. Бұл туралы қауымдастықтың Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне жолдаған мәлімдемесінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қазан 2005
  • 351
Фото - Caravan.kz

Қауымдастық төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, жанармай таратушы бекеттердің қожайындары ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын жою үшін заңнамаға елімізден жанармай шығаруға шектеу қоятын тиісті түзетулер енгізу қажет деп санайды.

Қ.Қамбаровтың мәліметіне сүйенсек, 2005-жылдың қыркүйек айында «PetroKazakhstan Оil Products» АҚ барлығы 77,5 мың тонна жанар-жағармай жөнелткен. Оның 46 мың тоннсы ел ішінде сатылса, 32 мыңдай тоннасы шетелдерге шығарылған. Бұл өнімдер Грузия, Латвия, Ауғанстан, Қырғызстан және Тәжікстанға жөнелтілді.