Шымкенттік «мауглидің» ата-анасы іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттік «мауглидің» ата-анасы іздестіріліп жатыр

Шымкенттік «мауглидің» ата-анасы іздестіріліп жатыр

Шымкенттік полицейлер қараусыз баланы тауып алды. Жас шамасы 3-4-тегі бүлдіршін көше кезіп, қаңғып жүріпті.

  • 20 Мамыр 2014
  • 243
Фото - Caravan.kz


Бүлдіршін сөйлей де алмайды. Тыр-жалаңаш күйі көше кезген оның қарны да ашып қалған екен. Полицейлердің берген алмасын қомағайлана жеп жатыр. Бүлдіршіннің үстінде жара мен тыртық та көп. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы үйлерді кезіп, сәбидің туыстарын іздегенімен баланы білетін ешкімді таба алмаған. Қазір бүлдіршін анасын күтіп, полиция бөлімшесінде отыр.