«Шымкенттіктердің жүрмейтін жері жоқ!»: Ауғанстанда шымкенттік номер таққан автокөлік жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шымкенттіктердің жүрмейтін жері жоқ!»: Ауғанстанда шымкенттік номер таққан автокөлік жүр

«Шымкенттіктердің жүрмейтін жері жоқ!»: Ауғанстанда шымкенттік номер таққан автокөлік жүр

Мемлекеттік номері Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі жеңіл автокөлік Ауғанстанда жүр. Шымкенттік тұрғынның мыңдаған километр мен тау-тасты артта қалдырып, не мақсатта осынау елге барғаны белгісіз. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары «Шымкенттіктердің жүрмейтін жері жоқ!» деп, оған өз таңданыстарын білдіруде.

  • 24 Қаңтар 2018
  • 183
Фото - Caravan.kz

Видеоны түсірген адам да қазақ. Ол шымкенттік автокөліктің Ауғанстанда жүргеніне таңданысын жасырмайды. Десе де, желі қолданушылары видеокамераға түсіріп тұрған адамның сол автокөлік иесі екенін айтуда.

Айта кетейік, Шымкенттен Ауғанстан астанасы Кабулге дейінгі аралық 1278 шақырымды құрайды. Еліміз Ауғанстанға күнбағыс майын, медициналық қондырғыларды, дәрі-дәрмек, ұн, бидай және металл экспорттайды.


 

#шымкенттіктер
Соңғы жаңалықтар