«Бұдан бұрын Қытайға Алматы, Астана немесе Ташкенттен баруға болатын. Екі жол бағыты да шымкенттіктер үшін қолайсыз, өйткені ең біріншіден ұшақ жүретін жерге жету керек. Сонымен қатар Алматыдан Қытайға баратындар саны көп болғандықтан, билеттерді сатып алу әрекеті әуре сарсаңға салады», — деді «Шымкент» әуе жайының қызметкері.
Үрімжі рейсінің ұшу уақыты 2,5 сағат және ЯК-42 ұшағы қызмет көрсетеді.
Шымкент — Үрімжі рейсі аптасына бір рет ұшатын болады. Жолаушылардың пікірі бойынша бұл жеткіліксіз. Алайда, әуежай қызметкерлерінің айтуынша, әзірге Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісім рейстерді ұлғайтуға мүмкіндік бермей отыр.
Бірінші рейстің жолаушыларына қарап, бұл бағыттағы ұшақ Қытайда іскерлік байланыстары бар кәсіпкерлер, мұнай- газ, көлік өндірісі саласындағы қызметкерлер мен демалушылар арасында кеңінен қолданылатын болады. Бұл рейстің қызметін Оңтүстік Қазақстандықтармен қатар Қызылорда, Тараз өңірінің тұрғындары да пайдаланылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті