Шымкенттің орталығындағы сауда үйінің жертөлесінде заңсыз ойынхана жұмыс істеп келген
Шымкенттің орталығындағы сауда үйінің жертөлесінде заңсыз ойынхана жұмыс істеп келген. Мұнда заңсыз қызмет жүргізіліп отырғанын анықтауға жедел-іздестіру шаралары көмектесті. ОҚО қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметтерінше, айғақ дәлелдер ретінде 2 электрондық рулетка, 30 ойын автоматы мен 20 мың теңге тәркіленді. Қазіргі кезде аталған факті бойынша тергеу алдындағы тексерістер жүргізілуде. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін