Шымкенттің жылу берушілері тарифті бір шаршы метр үшін 121 теңгеге дейін көтермек - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің жылу берушілері тарифті бір шаршы метр үшін 121 теңгеге дейін көтермек

Шымкенттің жылу берушілері тарифті бір шаршы метр үшін 121 теңгеге дейін көтермек

Шымкент. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "3-Энергоорталық" АҚ басшылығы тарифті бір шаршы метр үшін 121 теңгеге дейін көтермек ниетте. Бұл туралы кеше қоғамдық тыңдалымда "3-Энергоорталық" АҚ директорының орынбасары Александр Соколов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Қазан 2007
  • 596
Фото - Caravan.kz

А. Соколовтың хабарлуынша, тарифті көтеруге қызметкерлердің жалақыларының аздығы, отын бағасының қымбататуы мен бүгінде миллиардқа жуық теңгені құрайтын өткен жылғы шығындар себеп болып отыр.

«Бүгінгі күнде қыркүйек айындағы жағдаймен орташа жалақы 38 мың 760 теңгені құрайды. Ал Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы 53 мың 462 теңге. Бізде 14 мыңға төмен»,- деді А. Соколов.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар жылу берушілердің айғақтарына келіспеушілік танытып, өздерінің наразылықтарын білдірді. Қалалық мәслихаттың депутаты Нуритдин Жарболов эксплуатациялық материалдардың бағасын көтеруге қарсылық танытып: «Сіздердің екінші шығын деп көрсеткендеріңіз — эксплуатациялық материалдар. Негізгі тарифке он есе артық қосасыздар. Жарайды, екі есе, үш есеге қымбаттады, бірақ он есеге қымбаттатуға болмайды ғой»,- деді ол.

Қоғам өкілдері жылу берушілердің тарифті 121 теңгеге дейін көтереміз деген ниеттеріне таң қалысты. «Нақты іс жүзінде бұл үш есеге арттыру деген сөз, өткен жылы қыста біз бір шаршы метріне 46 теңгеден төледік»,- деді Лидия Носкова.

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі облыстық басқарма бастығының орынбасары Ширинали Үсенов бір апта ішінде сарапшылар кеңесі жылу берушілердің өтініштерін қарайтынын хабарлады. «Бірақ соңғы шешімді республикалық агенттік қабылдайды»,- деді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жыдың маусымында экономикалық сот монополияға қарсы басқарманың тарифті бір шаршы метр үшін 46,67 теңгеден 69,82 теңгеге дейін көтеруге қарсылығын негізсіз деп таныған болатын. Бірнеше апта бұрын табиғи монополияларды реттеу жөніндегі басқарманың басшылығы Шымкент тұрғындары үшін жалғыз ірі жылу тасымалдаушы болып табылатын 3-ші ЖЭО абоненттері үшін тарифті 69,82 теңге деп бекіткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті