Шыңжаңда қуатты жер сілкінісі тіркелді, адам шығыны бар - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыңжаңда қуатты жер сілкінісі тіркелді, адам шығыны бар

Шыңжаңда қуатты жер сілкінісі тіркелді, адам шығыны бар

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында қуатты жер сілкінісі тіркелді. Әзірге 8 адамның қайтыс болғаны белгілі деп хабарлайды RT.

  • 11 Мамыр 2017
  • 342
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sn.kz жазады.

Жерасты дүмпулері Қашқар округіндегі Ташқорған-Тәжік автономиялық уездінде жергілікті уақытпен сағат 05:58-де (Астана уақытымен 03:58) орын алған. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, бірнеше рет қайталанған дүмпулердің ең қуаттысының магнитудасы 5,5 балды құрапты. Ошағы жер бетіне жақын орналасқандықтан (8 шақырым тереңдікте) ғимараттар қирап қалды.

Әзірге 8 адамның қайтыс болғаны және 11 адамның жараланғаны белгілі. СУАР сейсмологиялық басқармасының мәліметінше, 200-ге жуық ғимарат бүлініп, біразы қирап қалған. Қазір оқиға орнына құтқарушылар жіберіліп, үйінділер астынан адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар