Жарияланды: 480

ШЫҰ өзінің қызметінің үш құрамдас бөлігі - қауіпсіздік саласы, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық салаларын берік ұстануы шарт

ШЫҰ өзінің қызметінің үш құрамдас бөлігі - қауіпсіздік саласы, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық салаларын берік ұстануы шарт, деп атап өтті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттері басшыларының отырысында сөйлеген сөзінде.

«Бейбітшілікті және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі саяси-дипломатиялық өзара ықпалдастықты лаңкестік, сепаратизм мен экстремизм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен заңсыз көші-қонға қарсы күреске басты назарды аудара отырып қазіргі жоғары деңгейді сақтап қалу шарт», - деп атап өтті ҚР Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, ШЫҰ қатысушы-мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты елеулі түрде алға жылжытып, бірлескен жобаларды қаржыландыру жөнінде кейін оны Даму қорына айналдыра алатындай арнайы есепшот ашу қажет. Біздің елдердің халқы Ұйымның қызметінің нәтижелерін сезіне алатын болуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін