Жарияланды: 390

ШЫҰ саммитінде өткен онжылдықтың жұмыс нәтижелері шығарылады

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымның құрылғанына 10 жыл толуына арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттері басшыларының кеңесінің отырысын ашады.

ШЫҰ мерейтойлық саммитінің негізгі мазмұны өткен онжылдықтағы жұмыс нәтижелеріне сараптама жасау және Ұйымның одан әрі дамуының алғышарттарын анықтауға арналмақ. Сонымен қатар, саммит барысында әлем мен аймақтағы қазіргі заманғы ахуалға қатысты кең ауқымды мәселелерді де талқылау жоспарланып отыр. Шара нәтижелері бойынша ШЫҰ онжылдығының Астана декларациясы қабылданады. Астанадағы саммит аяқталғаннан кейін ШЫҰ-ға төрағалық Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына өтеді. Астанаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Росей президенті Дмитрий Медведев, ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао, Өзбекстан президенті Ислам Каримов, Қырғызстан президенті Роза Отынбаева, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан президенті Хамид Карзай, Пәкістан президенті Асиф Али Зардари, Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад, сондай-ақ өзге де ресми делегация мүшелері келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін