ШЫҰ Волгоград жанында лаңкестікке қарсы жаттығулар өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ Волгоград жанында лаңкестікке қарсы жаттығулар өткізеді

ШЫҰ Волгоград жанында лаңкестікке қарсы жаттығулар өткізеді

Алматы. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастық ұйымы жақын уақытта Волгоград қаласының жанында лаңкестікке қарсы жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 31 Шiлде 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Жаттығулар қоғамдық маңызы бар нысандарға лаңкестік қаупін төндіруді жоюды көздейді. Атом электр станциясына жасалған шабуылды тоқтату пысықталады», — деп хабарлады Ресей агенттігіне ШЫҰ-ның жоғары лауазымды шенеунігі.

Оның айтуынша, қазір ШЫҰ қатысушылары жаттығу ауқымын келісуде. «Әр тараптан рота немесе взвод деңгейінде болу жоспарланып отыр», — деп толықтырды ұйым өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті