ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді

ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді

ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 24 Маусым 2016
  • 476
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан зор жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық жоғары миссиясын өзіне қабылдайды. Біз осы жылдар ішінде өзбек тарабы атқарған ауқымды жұмыстарды жалғастыруға, ШЫҰ-ны дамыту мен нығайтуға өз үлесімізді қосуға, оның әлемдегі рөлі мен беделін арттыруға ниеттіміз», — деді Елбасы.

ҚР Президенті осы орайда Қазақстанның төрағалығы кезіндегі басымдықтар ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, транзиттік-көліктік әлеуетті ашу, мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуді атады.

«Қорытынды шара 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті болмақ», — деген Н.Назарбаев отырысқа қатысушы Мемлекет басшылары мен қонақтарды келесі жылы Қазақстанға келуге шақырды.