Сикстин капелласына адамдарды «тазартып» қана кіргізеді
Ватикандағы Сикстин капелласының кіреберісіне адамдарды шаң, кір мен терден арылтатын арнайы вакуумдық жүйе орнатылады, деп жазады «Алаш Айнасы» газеті. |
Бұл жүйе діни мұражайдағы әйгілі қылқалам шеберлері фрескаларының жақсы сақталуына жағдай жасайды.
Corriere della Sera газетіне сұхбат берген Ватикан мұражайлары директоры Антонио Паолуччидің айтуынша, капелла есігінен 100 метрдей жерге кілем төселіп, оны басқан адамның аяқкиімінен бастап, басына дейін шаңы, қыл-қыбыры түгел тазартылады. Бұған қоса, музейге келуші терден де арылады, өйткені қабырғадағы көркемсуреттерге шамадан тыс дымқыл да қауіп төндіреді. Сикстин капелласы - Қайта өрлеу дәуірінің ірі ескерткіші. Мұндағы фрескаларды тамашалауға жылына - 5 млн, ал күніне 20 мыңға дейін адам келеді. Капелла қабырғаларын кезінде Боттичелли, Пинтуриккьо, Перуджино, Гирландайо, Микеланджелолар өз туындыларымен безендірген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін