Silicium Kazakhstan компаниясының бас директорына тағайындалған жазаны шартты мерзімге ауыстырған судьялар қызметтен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Silicium Kazakhstan компаниясының бас директорына тағайындалған жазаны шартты мерзімге ауыстырған судьялар қызметтен босатылды

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық соты төрағасы Лұқмат Мерекенов пен судья Күлпаш Өтемісова қызметтен босатылды.
           Оларға қатысты іс өткен жұма күні Сот әділқазысы отырысында қаралған болатын. Бұл туралы дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
           Әділқазылар К.Өтемісованы «Silicium Kazakhstan» ЖШС бас директоры Александр Сутягинскийге қатысты қылмыстық істі қарау барысында заңдарды өрескел бұзды және судья этикасына қайшы келетін әрекеттер жасады деп тапты.
           Л.Мерекенов «лауазымдық міндетін дұрыс атқармағаны үшін» қызметтен босатылды.
           Бұған дейін хабарланғандай, бірінші инстанция соты – Алматы қаласының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты наурыз айында «Silicium Kazakhstan» ЖШС бас директоры Александр Сутягинскийді 12 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ол өзінің бизнестегі серіктесі Михаил Гаркушкинге қастандық ұйымдастырды деп айыпталған-ды.
           12-тамызда аппеляциялық сот бұл үкімді алты жыл шартты мерзімге ауыстырып, күдіктіні бостандыққа жіберді.
           Ал, қалалық соттың кассациялық алқасы бұл үкімнің күшін жойды.
           Алайда, көп ұзамай А.Сутягинскийге мемлекет аралық іздеу жарияланды.
           Silicium Kazakhstan – Қазақстандағы металлургиялық кремний шығаратын жалғыз зауыт. Ол 2008 жылдың соңында пайдалануға берілген болатын.

  • 27 Тамыз 2013
  • 470
Фото - Caravan.kz