Қала басшысын өндірістік парктің жұмысымен таныстырған қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков жобаның бірінші кезеңінде 15 резидентті орналастыру жоспарланғанын, бүгінде 69 жұмыс орнын құрумен 8 жоба орналастырылғанын мәлім етті.
Жобаның екінші кезеңінің құрылысы 2022 жылы аяқталатын болады. «Іскер қала» бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады.
Бірінші бағыт — өндіріс саласы бойынша қалада тоқтап тұрған немесе бос тұрған ғимараттардың ішінде өндірістік парктер құру. Екінші бағыты – ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы якорлы кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету.
Үшінші бағыт – 1000 сауда нүктесі. Жалпы, осы «Іскер қала» бағдарламасының іске асырылуы арқылы 3 жылда 13,3 млрд.тг. инвестиция тартуға, 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, 1 мыңнан астам жаңа кәсіпорындарды ашылуы межеленген. Нәтижесінде бюджетке жылына 103 млн.тг. салық түсуі күтілуде.