СІМ Араб елдерін бірлікке шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СІМ Араб елдерін бірлікке шақырды

СІМ Араб елдерін бірлікке шақырды

Кеше Сауд Арабиясы, БАӘ, Египет пен Бахрейн Катармен байланысын үзген болатын. Осы мәселеге байланысты ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Ә

  • 6 Маусым 2017
  • 307
Фото - Caravan.kz

Кеше Сауд Арабиясы, БАӘ, Египет пен Бахрейн Катармен байланысын үзген болатын. Осы мәселеге байланысты ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Араб елдері мен Катар арасындағы шиеленіскен жағдайға тоқталайын. Біздің мемлекетіміз арадағы туындаған мәселені тараптар дипломатиялық жолмен шешеді деген үміттеміз. Біз барлық тарап ұстамдылық танытып, мемлекет мүддесі үшін арада тиімді шешім шығарады деген ойдамыз. Осы шиеленіскен жағдайға байланысты біз барлық тараптарды мәселені келіссөз арқылы шешуге шақырамыз», — деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр елдері Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген болатын.

Бахрейн өз азаматтарына Катарда тұруға, бұл елге баруға, ал катарлықтарға Бахрейнге келуге тыйым салды. Екі ел арасында әуе және теңіз байланысы да үзілді. Бахрейн билігі катарлық дипломаттарға ел аумағынан шығып кетуге 48 сағат берді. Себебі, Катар Бахрейн корольдігінің ішкі саясатына араласып, БАҚ-ты арандатушылық мақсатта қолданған.

Сонымен қатар Сауд Арабиясы, Мысыр және БАЭ Катармен байланысын тоқтатты.


Катар мен Араб мемлекеттері арасында жағдай Эр-Риядта өткен Парсы шығанағы елдері мен АҚШ саммиті кезінде ушыға түскен. Онда катарлық агенттік әмір атынан Иранмен байланысты жақсарту туралы мәлімдеме жариялаған. Сондай-ақ, саммит кезінде Катар жиналған барлық елдің атынан Иранды жаугершілік саясатты ұстанғаны үшін айыптап, тіпті оған қарсы жауап болатындығын да мәлімдеген.

Кейін Катардың сыртқы істер министрінің ресми өкілі агенттік сайты бұзылғанын әрі әмір атынан айтылған сөзді хакерлер орналастырғанын ресми түрде хабарлады. Бірақ Сауд Арабиясы, БАӘ және Бахрейн бұл мәлімдемеге сенген жоқ.

Соңғы жаңалықтар