СІМ басшылары келіссөздерінің қорытындысы Астанада "нормандтық форматта" өтетін кездесудің келешегін айқындап бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СІМ басшылары келіссөздерінің қорытындысы Астанада "нормандтық форматта" өтетін кездесудің келешегін айқындап бермек

СІМ басшылары келіссөздерінің қорытындысы Астанада "нормандтық форматта" өтетін кездесудің келешегін айқындап бермек

 9-қаңтарға жоспарланған Германия, Франция, Ресей, Украина СІМ басшылары келіссөздерінің қорытындысы Астанада мемлекет басшылары "нормандтық форматта" кездесе ме, жоқ па,

  • 9 Қаңтар 2015
  • 371
Фото - Caravan.kz


сол жағын айқындап бермек, деп мәлімдеді Қазақстандағы Украина елшілігінің баспасөз хатшысы Ирина Блащук.
Бұл туралы ол  бүгін хабарлады. 
"Әзір нақтылық жоқ. Украиналық ұстанымға орай Ресей Минск келісімдерін сақтауға тиіс. Осы жағы сақталса, басқасын көре жатармыз”, деді ол.
Желтоқсан айының соңында Украина президенті Петр Порошенко Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты "нормандтық форматтағы" кездесу Астанада 15-қаңтарда өтеді, деп мәлімдеген болатын.