Жарияланды: 400

Сингапур тәуелсіздіктің 50 жылдығын кеңінен атап өтті

Сингапур тәуелсіздіктің 50 жылдығын кеңінен атап өтті

Сингапурда тәуелсіздік жариялануының 50 жылдығы кеңінен мерекеленді, деп хабарлады Би-би-си.

Мереке құрметіне аралдық мемлекетте әскери шеру, отшашу және авиашоу ұйымдастырылды. Шеру мен оның әзірлігіне барлық билеттер толық сатылып кетті.

Елде мерейтой құрметіне төрт күндік демалыс жарияланды.

«Біздің кішкентай мемлекетімізге небәрі 50 жыл толды, бірақ та біз осы жылдары көп нәрселерге қол жеткіздік, - дейді студент Ян Цзэ Лин. - Биылғы жылды сингапурлықтар ешқашан ұмытпайды».

Биылғы жылы 1990 жылға дейін елдің премьер-министрі болған Сингапур көшбасшысы, марқұм Ли Куан Юға ерекше құрмет көрсетілді. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап телевидение мен радиодан Ли Куан Ю-дің ел тәуелсізігінің декларациясын оқыған жазбасы берілді.

Сингапурда бүкіл қала қызыл түске малынған, ұлттық киім киінген жүз мыңдаған тұрғындар халық серуеніне қатысуда. Сингапурда тегін концерттер өтуде, авиашоу, ауқымды шеру өтті. Телевидение мен радио Сингапур туралы патриоттық әндер шырқауда.

Сингапур 1965 жылы өзінің тәуелсіздігін алды.  Премьер-министр Ли Куан Ю елді әлемнің бай елдерінің біріне айналдырды. Оның ел басқарған тұсында ел тұрғындарының 90 пайызы өз үйлеріне қол жеткізді, халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 56 мың долларға жетті. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін