Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райын болжады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райын болжады

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райын болжады

«Қазгидромет» РМК 2-4 наурыз күндергі ауа райын хабарлады.

  • 2 Наурыз 2017
  • 1286
Фото - Caravan.kz

«Суық арктикалық ағын Қазақстанның оңтүстік, солтүстік облыстарына ауысады. Соның әсерінен  жақын күндері республиканың шығысында қар жауады. Оңтүстікте де 2 наурызда қар жауады деп күтілуде. 2 және 3 наурызда елдің оңтүстік-шығысында таулы жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және температура 1-3ºС нормадан төмен болады деп күтілуде,», — делінген хабарламада.

Республиканың қалған аймағы антициклонның ықпалында болады, сондықтан аспан ашық, жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы климаттық нормадан 3-7ºС жоғары.