Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бес қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"20

  • 20 Ақпан 2024
  • 8
Фото - Caravan.kz

"2024 жылғы 20 ақпанда Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Риддер, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.