Синоптиктердің болжамы: Алдағы күндері ауа райы бұзылады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктердің болжамы: Алдағы күндері ауа райы бұзылады

Синоптиктердің болжамы: Алдағы күндері ауа райы бұзылады

«Қазгидромет» РМК 14-16 қазан аралығындағы ауа райына болжам жасады

  • 13 Қараша 2017
  • 267
Фото - Caravan.kz

Синоптиктер алдағы күндердегі ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан атмосфералық ағымдар ығысады. Соның әсерінен  кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды, әсіресе қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел соғады. Солтүстік облыстарда бұрқасын болады деп болжануда. 

Тропосфералық ауа ағыны, негізінен, батыс бағытта болатындықтан, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Қалыпты температурадан 2-5 градус жоғары болады. 


14 қарашада Қостанай облысының кейбір аудандарын күні бойы тұман басады. 14-16 қараша аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.