Сирияда Facebook-ті пайдаланғаны үшін қызды өлім жазасына кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияда Facebook-ті пайдаланғаны үшін қызды өлім жазасына кесті

Сирияда Facebook-ті пайдаланғаны үшін қызды өлім жазасына кесті

Сирияның Ракка қаласында жергілікті тұрғын қыз танымал әлеуметтік желіні пайдаланғаны үшін өлім жазасына үкім шығарылды. Жергілікті шариғат соты Facebook-ті пайдалану әдепсіз қылық деп санады. Бұл туралы Росбалт NEWSru.co.il сайтына сілтеме жасап хабарлады.

  • 17 Ақпан 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz


Қызды өлім жазасына кесті, шағариғат нормаларына сәйкес күйеуінің көзіне шөп салған әйелдер осындай жазаға тартылуы тиіс — оны таспен ұрып өлтірді.

Ракка қаласын және оның маңындағы облыстарды неғұрлым радикалды сириялық топтардың бірі — «Ирак және Леванда Ислам мемлекеті» бақылайды. Содырлар Сирия аумағында ислам әмірлігін құрып, шариғат заңдарын қатаң сақтамақ.

Еске сала кетейік, қаңтар айында «Әл-Каидамен» сыбайлас «Ирак және Леванта Ислам мемлекеті» тобының содырлары Сириядағы басқа бір экстремистік ұйымдардың 100-ге тарта  өкілін атып тастады. Жыл басында исламшылдар Сирияның солтүстігіндегі Ракка провинциясының бірқатар елді мекендерін басып алды және «Ан Нуср майданы» және «Аһрар аш-Шам» радикалдық топтарының ондаған өкілдерін тұтқындады. Содырлар олардың бәрінің де көзін жойды.