«БҰҰ миссиясы Сирияда өзара жауласқан тараптар химиялық қару қолданғанды деген тұжырым жасады», — делінген баяндамада.
Дүниежүзілік ұйым сарапшылары химиялық улы заттарды пайдалануға қатысты 7 фактіні тексерген болатын. Соның бесеуі дәлелденді. Атап айтсақ, 19-наурызда Хан-әл-Асал, 29-сәуірде Саракеб, 21-тамызда Гут, 24-тамызда Джобар, 25-тамызда Ашраф-Сахнада химиялық қару қолданылғаны расталды.