Сирияда қақтығыстан қашқан қазақстандық келіншек 4 баласымен Түркия шекарасына дейін жаяу барған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияда қақтығыстан қашқан қазақстандық келіншек 4 баласымен Түркия шекарасына дейін жаяу барған

Сирияда қақтығыстан қашқан қазақстандық келіншек 4 баласымен Түркия шекарасына дейін жаяу барған

Сириялық азаматтарға тұрмысқа шыққан қыздарымыз қайтып келуде. Азаматтық соғыс жағайындағы елден соңғы жарты жыл ішінде 11 қазақстандық келіншек пен 27 бала оралыпты. 

  • 13 Тамыз 2013
  • 361
Фото - Caravan.kz


Олардың барлығы кезінде сириялық азаматтарға тұрмысқа шыққан қыз-келіншектер. Күні кеше ғана солардың бірі Нина Халед есімді азаматша  төрт баласымен оқ бораған Камышлы қаласынан әзер қашып шыққан. Күрттер мен мұсылман бауырлар қырқысының ортасында қалып қойған жерлесіміз шиеттей бала-шағасын ертіп Сирия мен Түркия  шекарасына дейін жаяу келіпті. Әріқарай олар елшілердің көмегімен  аман-есен Алматыға жеткізілді. Жалпы, жыл басынан бері Сирияда жүрген 44 отандасымызға көмек көрсетілсе, 3 адам табытпен жеткізілген. Сондай-ақ, 2 жарым жылдан бері қақтығыстан көз ашпаған бұл елде  әлі  40 астам қазақстандық жүр деген ақпарат бар.