"Сириялық соғысқа Орталық Азия елдерінен барғандардың қатысуы туралы жиі айтылғандығына қарамастан, шетелдік мамандардың пікірінше, басқа елден онда барғандар іс жүзінде “соғыстың құрбандары” болып отыр. Жергілікті содырлар әскери іс-қимылдарға белсене қатысуға тырыспайды. Соның нәтижесінде Орталық Азиядан барғандар арасында адам өлімі аса жоғары”, деді ол Астанада жұмада "Діни экстремизм мен терроризмге қарсы ықпал ету саласында халықаралық ықпалдастық тиімділігін арттыру механизмдері туралы” халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда.
Е.Қарин бірқатар материалдар көрсетті, онда орталықазиялық аймақтағы бірқатар елдердің арнайы қызметтерінің деректері келтірілген, оған қарағанда, Сирияда соғысқа қатысушы 300 қазақстандық бар, оның сегізі қаза болған, алтауы елге оралған.
Сол материалдарға қарағанда, қазір Сирия мен Иракта Қырғызстаннан шамамен 220 адам күресіп жатыр, Тәжікстаннан 300 адам, Түркменстаннан 200 адам.
Е.Қарин Сирия аумағында әркелкі елдердің адамдары соғысып жатыр деп айтты, мәселен Германиядан 1 мыңнан аса адам бар. “Бүгін америкалық әріптестерімнің жіберген деректеріне қарағанда, онда тіпті Оңтүстік Кореядан барғандар бар, былай қарасаң, басқа аймақ, мәдениеті бөлек, құндылылықтары бөлек ел. Сирияда тіпті Жапониядан да барған содырлар бар”, деді ол.