Сириядағы соғысқа бала-шағасын алып кетпек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириядағы соғысқа  бала-шағасын алып кетпек болған

Сириядағы соғысқа бала-шағасын алып кетпек болған

Бүгін Павлодарда жихадқа аттанбақ болған екібастұздық екі жігітке қатысты сот отырысы басталды. Абусалам Мырзабаев пен Азамат Қазбаев бүлікшілердің уағызына еріп, Таяу Шығыстағы экстремистердің қатарында дайындықтан өтіп келген.

  • 4 Ақпан 2014
  • 229
Фото - Caravan.kz


Елге оралып, бала-шағасын Сирияға ертіп кетпек болғанда ұсталған олар былтырдан тергеу абақтысында жатыр. Лаңкестік әрекеттері үшін жауап берген қос күдіктіден бөлек, айыпталушылар орындығына тағы екі адам отыр. Соңғыларының нақты қандай қылмыстары үшін жауапқа тартылып жатқаны әзірге белгісіз. Анығы, Борис есімді Мырзабаевтардың үлкені 30 жаста, бұрын сотталмаған екен. Ал оның 87 жылғы інісі Абусалам осыдан 4 жыл бұрын алаяқтығы үшін екі жыл жазасын өтеп шығыпты. Өкінішке қарай, тілшілер судья үстеліндегі ондаған томға жүк болған істің барысын сол күйі тыңдай алмады. Себебі, соттағы барлық тараптар отырысты камераға түсіруге үзілді-кесілді қарсы шықты.