Сириядағы соғысқа аттанбақ болған атыраулық 3 жігіт қамауға алынды. Оларға «лаңкестікті насихаттады», «шетелдегі қарулы қақтығысқа қатыспақ болды» деген айыптар тағылған. Құқық қорғау орындары бұл ұсталған азаматтарға қатысты толыққанды ақпарат беруден бас тартып отыр. Тек белгілісі –ұсталған үшеудің жас шамалары 23 және 28 аралығында. Қазір тергеу жүріп жатыр.