Сириядағы Сүлейман шах кесенесі қауіпсіз жерге көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сириядағы Сүлейман шах кесенесі қауіпсіз жерге көшірілді

Сириядағы Сүлейман шах кесенесі қауіпсіз жерге көшірілді

Түркия мемлекеті өзінің ел аумағынан тыс жатқан стратегиялық нысаны саналатын Сириядағы Сүлейман шах кесенесін қауіпсіз жерге көшірді.

  • 23 Ақпан 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz


Кеше сағат 21:00-де Түркияның Қарулы күштері 39 танк пен 100-ден астам әскери көлік және 750 жауынгермен екі кең ауқымды операция жүргізді. Оның барысында Сүлейман шах кесенесін 8 айдан бері күзетіп келген 44 күрең беретті сарбаз елге аман-сау қайтарылды. Сондай-ақ кесенеден мемлекеттік тулар мен белгілер, діни рәсімдердің сақталуымен зираттан үш табыт қазылып алынды. Қазір кесене Сирияның Ешмеси ауылына уақытша көшірілгенін хабарлайды haberler.com сайты.

1921 жылы 20 қазанда Түркия мен Франция үкіметтерінің келісімімен Осман империясының негізін қалаушы Осман Газидің атасы Сүлейман шах кесенесі және оған тиесілі жер аумағы түгелімен Түркия Республикасының иелігі деп танылған. Сол себепті ел аумағынан тыс жатқан маңызды нысанды Түркияның Қарулы күштері осы уақытқа дейін салтанатты қарауыл қойып, күзетіп келген еді. Алайда Сириядағы лаңкестік ұйымдардан қарулы шабуыл болуы мүмкін екендігін ескерген түрік билігі кесенені қауіпсіз жерге көшіру жөнінде шешім қабылдады, деп жазады 24.kz.