Сирияға қатысты Астанада қабылданған құжат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сирияға қатысты Астанада қабылданған құжат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына енгізілді

Сирияға қатысты Астанада қабылданған құжат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына енгізілді

Ресей 4 мамырда Астана процесі барысында қол қойылған Сириядағы деэскалация аймағын құру туралы меморандумды қолдайтын қарар жобасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына енгізді.

  • 8 Мамыр 2017
  • 306
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТАСС дүниежүзілік ұйым жанындағы РФ тұрақты өкілдігінде сілтемемен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қарар жобасы енгізілгенін растаймыз», — деді тұрақты өкілдіктің баспасөз хатшысы Федор Стржижовский. Дипломаттардың ақпаратына сәйкес құжат бойынша дауыс беру осы аптаның басында, 8 немесе 9 мамырда жүргізілуі мүмкін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ресей, Иран және Түркия делегациясы Астана процесі барысында Сирия аумағында деэскалация аймағын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл аймақтарға Идлиб және көрші Алеппо, Латакия және Хама провинциялары,  Хомс қаласының солтүстігіндегі аудан, Шығыс Гута, оңтүстік Дераа және Эль-Кунейтра  провинциялары кіреді.

Келісім 5 мамырда бұл аймақтарда авиация ұшырылымын қоса алғанда, әскери белсенділікке тыйым енгізіледі. Құжат жарты жыл күшінде болады. Кейін дәл осынша уақытқа автоматты түрде ұзартылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар