Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қадағалау органының мәліметінше, әлеуметтік желілер мониторингі шеңберінде анықталған парақшаларда экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдердің суицидін насихаттау және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жарияланған.
Мысалы, «POZOR PETRO» Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жазбалар, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы бейнероликтер орналастырылған.
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталған.
Жыл басынан бері облыс прокуратурасы заңсыз контенті бар 205 интернет-ресурсты бұғаттады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ата-аналарды кәмелетке толмағандардың ақпараттық қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, олардың интернет-белсенділігіне қызығушылық танытуға және олар қарап отырған мазмұнды бақылауға шақырады.
Ата-аналар тарапынан уақтылы назар аудару, интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық туралы үнемі әңгімелесу және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің пайдаланылуын бақылау балаларды құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың және зиянды мазмұнды таратудың алдын алудың маңызды шаралары болып табылады.