Жарияланды: 450

"Скутер" акциясы жылда өткізілетін болады

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бұдан былай "Скутер" акциясы жылда өткізілетін болады. Оның мақсаты: жұртшылықтың жаппай демалатын орындарында шағын флотты, әсіресе шапшаңдығы жоғары кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету. Бұл туралы ККМ КБК төрағасының орынбасары Хакімжан Жаңбырбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Маусым-тамыз айларында тұңғыш рет республикалық "Скутер" акциясы өткізілді. Осы акцияның шеңберінде жергілікті мемлекеттік және атқару органдары өкілдерінің қатысуымен жер-жерде рейдтік тексерістер өтті. Сейілге, спортқа арналған және шағын кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселесіне назар аударту мақсатымен кейбір рейдтерге БАҚ өкілдері қатыстырылды. "Скутер" акциясының нәтижесінде республика бойынша шағын кемелерді пайдалану ережелерін бұзудың 189 оқиғасы анықталды, 56 кемеге ереже бұзушылық салдарын түзегенге дейін кемелерін пайдалануға тиым салынды. 2007 жылғы осы кезеңге 85 ереже бұзушылық анықталған. Немесе, ереже бұзушылық 115 пайызға өскен. Тіркелген шағын кемелер саны 2007 жылғы 21348-ден 23234-ке, яғни 8 пайызға артқан. Бұдан былай "Скутер" акциясы жылда өткізілетін болады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін