Жарияланды: 430

Словения сыртқы істер министрі ресми сапармен елімізге келеді

Бүгін, 8-қазанда Словения Республикасының сыртқы істер министрі Димитрий Рупелдің Қазақстанға ресми сапары басталады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан.

Сапар бағдарламасы бойынша Астанада 9-қазанда Словения сыртқы саясат мекемесінің төрағасы ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовпен, мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбаймен, ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен, ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Әсет Исекешевпен кездеседі деп күтілуде. Кездесулерден кейін Д.Рупел Астананың көрікті жерлерімен танысады. 10-қазанда Словения сыртқы істер миниистрі Мәскеуге ұшып кетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін