Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов наградаға осыдан 30 жыл бұрын ұсынылған. ҰОС екінші дәрежелі ордені — соғыс жылдарындағы ең алғашқы награда және дәрежеге бөлінетін алғашқы кеңестік орден. РФ бас консулдығының консул-кеңесшісі Дмитрий Игнатьев наградаға генерал Нұрмағамбетов 1985 жылы ұсынылғанын, алайда ұсыныс басшылыққа жетпей қалғанын айтты. «Мұндай жағдайлар кейде болып тұрады», — деді ол.
С. Нұрмағамбетов 2013 жылғы қыркүйек айында 89 жасында қайтыс болды.