Салтанатты шараға Халықаралық Паралимпиада комитетінің басшысы Сэр Филипп Крэйвен, Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасының орынбасары Дмитрий Козак, «Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко мен Федералдық байланыс агенттігінің басшысы Игорь Чурсин қатысты.
Аталмыш блоктың әрқайсысы үш маркадан тұрады. Олардың әрбірінде Сочидегі қысқы Паралимпиада ойындарының медальдары — алтын, күміс және қола медаль бейнеленген. Бұл филателистік жинақтың дизайны жағынан да, жасалу технологиясы бойынша да әлем бойынша еш баламасы жоқ.
Блокты әзірлеу барысында металлды бояудың үш түрі — қола түстес, күміс түстес және алтын түстес бояулар қолданылған. Мұндай технология маркадағы бейнелерге 3D эффектісін береді: маркаларды қолға ұстағанда саусақтарыңызбен медальдардың шағын нұсқасын ұстап тұрғандай сезінесіз.
Маркалар блогы 150 мың данамен шығарылды. Оның көлемі 136х80 мм.
Әр блоктың шетіне 2014 жылғы қысқы ойындардың ресми сайтына сілетеме шифрленген арнайы QR-код жазылған.