Сочиден қуанышты жаңалық - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Сочиден қуанышты жаңалық

Сочиден қуанышты жаңалық

Ерлер арасында шорт-тректен Қазақстан құрамасы 5000 метрлік эстафетада финалға жолдама алды. Абзал Ажығалиев, Айдар Бекжанов, Денис Некиша және Нұрберген Жұмағазиев жартылай финалда екінші нәтиже көрсетті. Бірінші нәтижені бұл сында голландиялық спортшылар көрсетті. Шорт-тректен ерлер арасында 5000 метрлік финал 21 нен 22 сіне қараған түні 12:20 да болады.   

  • 14 Ақпан 2014
  • 289
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбінің сәтті күні Сочиден медаль күткеніміз рас.  Ондағы үмітіміз 1000 метрге конькимен жүгіруден әлем чемпионы Денис Кузин еді. Бірақ  қазақстандық спортшылар қатысқан бағдарламадағы жалғыз жарыстың нәтижесі  біз күткендей шықпады.

Италиялық Мирко Ненцимен  ең соңғы жұпта  өнер көрсеткен Денис Кузин, қатар шапқан қарсыласын артқа тастағанымен  жоғары нәтиже көрсете алмады. Жетінші орын алған жерлесіміз алтыннан алқа таққан  голландиялық Стефан Гротхейске 0,71 секунд ұтылды. Күміс жүлде канадалық Деннис Морисонға бұйырса, қола медаль тағы бір голландиялық майталман Михел Мюлдердің еншісінде кетті. Осы додаға қатысқан қазақстандықтар  Роман Креч 13, ал Федор Мезенцев 33 орыннан табылды. 

Осы сағаттарда қазақстандық спортшылар конькимен жүгіру, биатлон және мәнерлеп сырғанудан өнер көрсетуде.  Оның ішінде бүкіл қазақ елі көз тігіп отырған жарыс –мәнерлеп сырғанаудан өтуде.  

Өйткені  осы сәттерде «Айсберг»  спорт кешенінде  Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев  қысқа бағдарламадан сынға түсуде. Денис –Сочиде олжа салады деп жүрген саңлақтарымыздың бірі. Бірақ  оның қарсыластары да осал емес.  Ресейлік әйгілі шебер Евгений Плющенко, әлемнің үш дүркін чемпионы канадалық Патрик Чан және америкалықтар Мэрил Дэвис пен Чарли Уайттың әрқайсысы алтыннан үмітті.  Ерлер арасындағы жекелей сынның  нәтижесін  ертеңге жоспарланған  еркін бағдарламадан кейін білетін боламыз.


Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсетіп жатқан қарағандылық “Сарыарқа” өз айдынында ресейлік клуб “Южный Уралға” есе жіберді.

Алғашқы қос кезеңде тең есеп тіркелді. Шабуылда ширақ ойнаған екі команда  жанкүйерлерге тамаша голдар сыйлады. Кездесудің шешуші бөлігінде таблодағы есеп 3:3 болған. Алайда үзілістен кейін қонақтар 1 минут ішінде екі шайба соқты. Қалған уақытта да мардымды ойын көрсете алмаған қарағандылықтар 7:4 есебімен ұтылды. Өскемендік жанкүйерлер де бұл күні сүйікті командасының жеңісін көре алған жоқ. Ресейдің Клин қаласынан келген “Титан” хоккейшілері соңғы секундқа дейін берілмеді. “Казцин-Торпедо” мен “Титан” арасындағы  тартысты матчтың негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды. Ал овертаймда қонақтардың жолы болды. Жоғарғы хоккей лигасында өскемендік команда әзірге 8-ші ал,“Сарыарқа” турнир кестесінің 4-ші сатысында.