Сочиден соңғы жаңалық - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочиден соңғы жаңалық

Сочиден соңғы жаңалық

Сочи Олимпиадасының бүгінгі бағдарламасында жеті медаль топтамасы сарапқа салынады. Қазақстандық спортшылар биатлон және шорт-тректен сынға түседі.

  • 22 Ақпан 2014
  • 501
Фото - Caravan.kz

Дәл қазір еліміздің әйелдер құрамасы биатлоннан командалық эстафетада өнер көрсетуде. Қазақстан атынан Елена Хрусталева, Галина Вишневская, Дарья Усанова, Марина Лебедева сынды биатлоншылар жарыс жолына шығады. Іріктеуде екінші нәтиже көрсеткен шорт-трекшілерімізге басты назар аудараымыз сөзсіз. 5000 шақырымдық эстафетада Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Аслан Даумов және Денис Никиша ел намысын қорғайды. Оларға АҚШ, Ресей, Голландия, Қытай сынды алпауыт елдердің тісқаққан шеберлері қарсы тұрмақ. Шорт-трек бәсекесі Астана уақытымен түңгі сағат 23:55 те басталады.       

Қарағандылық “Сарыарқа” жоғарғы хоккей лигасының үшінші сатысына көтерілді. Кезекті ойын күні ресейдің “Торос” командасын қабалдаған қарағандылықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің 6-шы минутында Константин Макаров есеп ашты. Көп ұзамай “Сарыарқа” хоккейшілері таблодағы есепті еселеді. Қалған уақытта Кирил Лебедев дубль авторы атанды. Бірінші кезеңнің ортасында есепті еселеген ол, үзілістен кейін де “Торос” қорғанысынан саңлау тапты. Қортынды есеп 3:0. Осы жеңістен кейін 92 ұпай еншілеген “Сарыарқа” турнир кестесінің үздік үштігін түйіндеп тұр.      


Футболдан Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясында Испанияның “Бетисы” өз алаңында қазандық “Рубинмен” ұпай бөлісті.

Төреші ысқырығы естілісімен алға ұмтылған испандықтар алға шықты. Не бары үшінші минутта “Рубин” қорғаушыларын сан соқтырған Дидак болатын. Бірінші таймның ортасында ресейліктер 10 ойыншымен қалды.  Александр Прудниковка төреші қызыл карточка көрсетті. Үзілістен кейін үлкен күшпен шабуылдаған алаң иелері қанша тырысқанымен есепті еселей алмады. Ал қарымта шабуылда жолы болған қонақтар 74-ші минутта пенальтиден таразы басын теңестіріп кетті. 11 метрлікті мүлтіксіз орындаған Роман Еременко.