Жарияланды: 1600

"Соғысасыңдар. Қаза тапқандарды батырларша жерлейміз": Ресей енді сотталған қылмыскерлерден сарбаз алып жатыр

"Соғысасыңдар. Қаза тапқандарды батырларша жерлейміз": Ресей енді сотталған қылмыскерлерден сарбаз алып жатыр

Әлеуметтік желіде Ресейлік ЧВК басшысының соғысқа сотталған қылмыскерлерге үгіт жүргізіп жатқан видеосы тарады. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Асхат Қасенғалидың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ресейлік ЧВК “Вагнердің” басшысы Пригожин соғысқа адам іздеп, сотталған қылмыскерлерге үгіт жүргізіп жатыр.

“Соғысасыңдар. Жарты жылдан кейін бостандық аласыңдар. Ал, қаза тапқандарды батырларша жерлейміз” дейді.

Видеода "Біріншіден - ешкім артқа шегінбейді. Өздеріңмен алып жүретін екі граната болады. Екіншісі - алкоголь мен наркотикке, үшіншіден - әйелдерге баруға тыйым салынады. Одан кейінгісі, жас айырмашылықтар. 50 жасқа дейінгілерді аламыз. Тест арқылы қабылдаймыз. Сол кезде бәрі анықталады. Танкалар, қажетті құралдардың бәрі бар. 

Жарты жылдан кейін үйлеріңе қайтасыңдар. Кім қалғысы келеді, бізбен қалады, делінген. 

"Мынау баяғы Сталинің ізбасары болып тұр ғой. Бұл енді жауыздықтың ең шеті. Бұлармен дос болайық деген адам ақымақ", "Әлемдегі 2 ші армияның сиқы мынау. Түрмеден қол жинауда", "Өз өздерің қырған халық. Тыныштық жоқ", деп жазды оқырмандар.  

 

Ресейлік ЧВК “Вагнердің” басшысы Пригожин соғысқа адам іздеп, сотталған қылмыскерлерге үгіт жүргізіп жатыр. “Соғысасыңдар. Жарты жылдан кейін бостандық аласыңдар. Ал қаза тапқандарды батырларша жерлейміз” дейді. Көптеген фото, видео, ақпарат https://t.me/paranoiakz/5286 арнасында. Қазақ тілінде.

Posted by Ashat Kasengali on Wednesday, September 14, 2022

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін