Соғыс ардагерлеріне - 2 миллион теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соғыс ардагерлеріне - 2 миллион теңге

Соғыс ардагерлеріне - 2 миллион теңге

Қазір Алматыда 44 соғыс ардагері тұрады. Өткен жылы олардың саны 56 болған.

  • 18 Сәуiр
  • 39
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары жеңіс күніне орай қала әкімі Ерболат Досаевпен ардагерлерге құрмет көрсетуді шешіпті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жеңіс күнінің 79 жылдығына орай Отан соғысы ардагерлеріне төленетін біржолғы төлемді 2 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы ұсынысын қолдапты.

Жыл сайын Отан соғысының ардагерлері осы мереке қарсаңында 1 миллион теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем алады.

«Әкімнің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге көтеру туралы шешім қабылдап жатырмыз. Жалпы биыл ардагерлер 2 млн теңге көлемінде бір реттік көмек ала алады», – деді Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Қалаға қарасты аудан әкімдіктері «Азаматтарға арналған үкімет» тізімі арқылы Алматыда тұратын ардагерлердің шотына төлемді аударады.

Соңғы жаңалықтар