Солтүстік Қазақстан облыстық антимонополиялық басқарма жанармай бағасын тексереді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық антимонополиялық басқарма жанармай бағасын тексереді

Солтүстік Қазақстан облыстық антимонополиялық басқарма жанармай бағасын тексереді

Петропавловск. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында жекелеген нарық субъектілерінің жанармай бағасын көтеруіне байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық антимонополиялық басқарма мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындарға тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы антимонополиялық басқарма бастығы Елена Гусева мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Қараша 2007
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Ертеңнен бастап басқарма қызметкерлері жұмысқа кіріседі. Заң бұзушылықтар анықталатын болса, субъектілерге қатысты бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы заңға сәйкес шара қабылданатын болады», — деп хабарлады кеше Е. Гусева.

Облыстық антимонополиялық басқарманың ақпаратына сүйенсек, сәрсенбі күні мұнай өнімдерін сататын кейбір кәсіпорындар жанармай бағасын литріне 2-4 теңгеге қымбат сатқан.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Қазақстанда бензин және дизельдік отынмен сауда жасайтын тауар биржасын құру туралы және осы нарықтағы делдалдардың қызметін заң арқылы шектеу бойынша ұсыныс енгізген.

«Қазіргі уақытта біз бензин және дизельдік отынмен сауда жасайтын тауар биржасын құрудың және осы нарықтағы делдалдық құрылымдардың қызметін заң арқылы шектеудің қажеттілігі туралы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің атына ұсыныс енгіздік. Өйткені, жанармай құю бекеттеріндегі жанармай бағасы мұнай өңдеу зауыттарындағы бағадан бірнеше есе жоғары екенін өзіміз де білеміз», — деді Бәсекелестікті қорғау комитетінің отын-энергетикалық кешенге талдау жасау және реттеу бөлімінің бастығы Еркеғали Әлімқұлов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті