«Ағымдағы жылы тыңайған жерлерді игеру және айналымға енгізудің нәтижесінде 3,7 млн гектар алғапқа егін егілді, бұл өткен жылғыдан 400 мың гектарға артық. Майлы дақылдар 114 мың гектарға егілді. Облыс алқаптарында тұқым себу науқаны кезінде жоғары өнімділікті 700 егістік кешені жұмыс істеді. Олар егістіктердің 60% егін екті», -деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов.
«Астық пен ұн — біздің облыстың өңіраралық саудасындағы негізгі тауар. 2007 жылы біз алыс және жақын 35 елге 2,4 млн тонна астық экспорттадық. Қазақстанның өз ішіне 1,4 млн тоннасы жөнелтілді», — деді әкім.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті