Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура қызметкерелері анықтаған дәрі-дәрмек құралдарын, азық-түлікті және балалар ойыншықтарының сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың бұзылуы жұмысты тоқтатуға себеп болған.
Атап айтқанда, анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін тамақ өнімдерін шығаратын 4 цехтың жұмысы тоқтатылған. «Кәсіпкерлер өнімдерін сенімді сауда нүктелері арқылы сатқан. Сондай-ақ, облыстың аудандарына жөнелтіп отырған», — деп атап көрсеті баспасөз қызметінде.
Өнім сапасын дәлелдейтін қажетті құжаттардың болмауы және өнімнің тазалықтан ада жағдайда өндірілуі облыстық прокуратура анықтаған заң бұзушылықтардың бірқатары ғана болып тұр.
Тексеру нәтижесі бойынша 2 тонна сапасы күдік туғызған өнім жойылған немесе қайта өңдеуге жіберілген. Фармацевтикалық ұйымдарда 50-ден астам заң бұзушылықтар анықталған.
Санитарлық қызметтің рұқсаты жоқ 44 адам жұмыстарынан шеттетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті