Солтүстік Қазақстан облысында бастауыш мектеп оқушылары ауылдағы бейітті ойрандады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында бастауыш мектеп оқушылары ауылдағы бейітті ойрандады

Солтүстік Қазақстан облысында бастауыш мектеп оқушылары ауылдағы бейітті ойрандады

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Кустовое ауылында бастауыш мектеп оқушылары бейітті ойрандады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қазан 2003
  • 436
Фото - Caravan.kz

7-қазанда ауылдар жергілікті мектептің директорын жерлеу рәсімі өткен. Жерлеу рәсіміне келген марқұмның туыстары қаралы шарадан кейін бейітте жерленген тағы бір жақын туыстарының қабіріне хабарласа кетпек болады. Сөйтіп, қабір басына келген әлгі адамдар адамдықтан тыс әрекеттің куәгері болды: қабірдің қоршауы қиратылып, мәрмар тақтасы сындырылып, гүл шоқтары шашылып қалған.

Ойрандау оқиғасын зерттеуде ауыл полициясына жергілікті мектептің мұғалімі қолғабыс жасады. Ол өз класындағы берекесіз отбасы ретінде тіркеуде тұрған бір отбасынан шыққан Станислав есімді оқушының жуырда сабақ үстінде бейіттегі ойрандау әрекеті туралы сұрастырып жүргенін еске түсірген. Соңынан белгілі болғанындай, сол күні талғажау етерлік бірдеме іздеген бірнеше ұл бейітке келеді. Ол жерден ештеңе таппай аштықтан ашуға мінген әлгілер айналасындағыны түгелдей қирата бастаған.
ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, вандалдардың жастығына байланысты бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалмайды. Бірақ, қайтыс болған адамдардың туыс-туғандары шығынның орнын өтеттіріп алу үшін сотқа шағым түсіру мүмкіндіктері қарастырылуда.
Бұл- Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері тіркелген осындай екінші оқиға. Алғашқысы тағы да осы Қызылжар ауданында шыққан. Жазда болған осындай оқиға кезінде сезім-жүйке ауытқуына ұшыраған бір жасөспірім мұсылман бейітін ойрандаған болатын.