Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттен шағын бизнес субьектілерін несиелендіруге 500 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттен шағын бизнес субьектілерін несиелендіруге 500 млн теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында бюджеттен шағын бизнес субьектілерін несиелендіруге 500 млн теңге бөлінді

Петропавловск. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы басымдық берілген бизнес-жобаларды жүзеге асыру мақсатында шағын бизнес субьектілерін несиелендіруге бюджеттен 500 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның өңірлік филиалына сілтеме жасап.

  • 17 Шiлде 2008
  • 352
Фото - Caravan.kz

Қор филиалының хабарлауынша, басым бағыттарға өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын, құрылыс индустриясын, туристік бизнесті, қызмет көрсету салаларын дамыту жатады. Әкімнің «Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік субьектілерін бюджеттен несиелендіру жөніндегі» қаулысымен несие алушы үшін пайыздық ставка көлемі жылдық 13,22%, бір несие алушыға берілетін ең жоғарғы сома 140 млн теңге, несиелендіру мерзімі 5 жылға дейін, оның басты қарызын қайтарудың жеңілдетілген мерзімі 20 айға дейін деп белгіленді.

Бюджеттік несиелендіру аясында қор кәсіпкерлердің жобаларын тең қаржыландыруға атсалысуда. Несиелендіру екінші деңгейлі банктердің филиалдары арқылы жүзеге асырылады. Бір міндетті шарт — бизнес-жоспардың және өтімді кепілдіктің болуы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті