«Желтоқсаннның 2-нен 3-не қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Каменный Брод ауылының маңында орналасқан ЖШС-не бетперде киген алты адам шабуыл жасаған. Аңшы мылтығымен қорқыта отырып қарақшылар ангарға кіріп, ғимаратта болған екі күзетшіні скотчымен батареяға байлап тастаған. Содан кейін, тіркемелері бар екі «КамАЗ» автокөлігін иеленіп, белгісіз бағытта жасырынған», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, күзетшілердің бірінің босап, полицияға хабар беруіне мүмкіндік туған. 3-желтоқсан күні таңертең Қостанай қаласына кірер тұста Қостанай облыстық жол полиция басқармасының жол полициясының дербес батальонының қызметкерлері төрт күдіктіні тұтқындады. Олардан жүк көліктерінің екеуі де тәркіленді.
Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданының Западный ауылының маңында түсіп қалған қылмысқа қатысы бар тағы екі тұлғаны іздестіруде. Қазір олардың аты-жөндері анықталу үстінде.
Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық тұтқындалған тұлғалар уақытша тергеу қапасына қамалды. Олардың бірі Ғабит Мүсірепов ауданы Ставрополка ауылының 20 жасар тұрғыны, екіншісі — сол ауданның Нежинка ауылының бұрын сотталған 23 жасар тұрғыны, үшіншісі — Қостанай облысы Рудный қаласының 34 жасар тұрғыны және төртіншісі — Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Каменный Брод ауылының 44 жастағы тұрғыны екені белгілі болып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті