«Екінші деңгейлі банктерге кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге 500 млн теңге бюджет қаржысы бөлінді. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Даму» қоры» АҚ кәсіпкерлік жобаларын тең қаржыландыруға атсалысуда», -деп хабарлайды әкімдік.
«Кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қарау жөніндегі комиссия екінші деңгейлі банктерге 2 млрд 282 млн теңгенің 132 инвестициялық жобасын жолдады. Соның ішінде құны 99 млрд теңгені құрайтын 6 жобаға несие бөлінді», — деп нақтылайды баспасөз қызметі.
Барлық инвестициялық жобалар Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамытудың басымдық берілген бағыттарына сай келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті